Қытай билігі мемлекеттік дәрі-дәрмек шығаратын Sinopharm компаниясы жасаған коронавирустық вакцинаны жаппай қолдануға шартты түрде рұқсат берді.
Ақпаратқа сәйкес, вакцина үш фазалық сынақ кезінде 79% тиімді екенін көрсеткен. Дегенмен қосымша мәлімет жарияланбады.
Қытайда жасалған бірнеше вакцина соңғы сынақ кезеңінде жедел лицензия алғаннан кейін қолданылуда.
Пандемия 2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың орталық Ухань қаласында пайда болды.
Содан бері ол бүкіл әлемге таралды, бірақ Қытай вирусқа қарсы қатаң шаралар қолдану арқылы инфекцияның таралу жылдамдығын өте төмен деңгейге жеткізді.
Коронавирустың шығу тегін іздеу Бейжіңді Батыспен шиеленіске әкелді. АҚШ сияқты бірқатар елдер вирус алғаш пайда болған кезде "Қытайда толықтай жариялылық болмады" деп айыптады.
Пікір қалдыру