«Nur Otan»: Ауылдағы әрбір ауладағы табыстың көлемі ұлғаяды

/image/2021/01/05/crop--1_249_717x1275_whatsapp-image-2021-01-05-at-15.11.16.jpeg

«Nur Otan» партиясының ықпалымен әрбір ауладағы табыстың өсімі алдағы 5 жылда 2 есеге жетеді. Сәйкесінше ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігі де еселеп артады. Партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының басымдықтары жайында  «Nur Otan» партиясынан  Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Ғ.Сағынтаев, Б.Сеиткаримов, Д.Тоқбергенов және Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Т.Әбдібеков пен Н.Алтынбековтердің Өрнек ауылындағы ауыл шаруашылығы өкілдерімен кездесуінде сөз болды.

– Өздеріңіз білесіздер 10 қаңтарда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауының алдында  «Nur Otan» партиясының кандидаттары ретінде аудан орталығы мен барлық ауылдық округтерді аралап, сайлаушылармен кездесулер өткізіп жүрміз. Кездесулерде дауыс берушілерді партияның алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасымен таныстырамыз. Бұл бағдарламада ауыл шаруашылығын дамыту бағытында бірқатар нақты жоспар бар.

Атап айтқан партия жаңа прогрессивті технологияларды енгізуді тиімді пайдалану, өндірістерді заманауи техникамен, цифрлық технологиялармен әртараптандыру есебінен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін   ұлғайтуды жоспарлайды. 2025 жылға дейін ауыл шаруашылығы дақылдары егілген алқаптың көлемі 25 мың гектарға артса, мал саны 110 мыңға және құс 102 мыңға көбейеді. Ауылда шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау арқылы 385 жаңа жұмыс орыны құрылып, кәсіпкерлердің саны 225 бірлікке, өндіріс көлемі 807,2 млн. теңгеге артпақ.

Қазіргі таңда ауылдағы әрбір ауладағы табыстың көлемі 104 мың теңге болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 209,1 мың теңгеге дейін көбеймек. Агросалаға серпін берудің нақты шаралары арқылы   ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімінің көлемі 33,9 пайызға артады, – дейді кандидат Ғ.Сағынтаев.

Кездесу соңында үміткерлер 10 қаңтар күні тұрғындарды сайлауға белсене қатысуға, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар