Қаратал аудандық сайлауалды штабының қоғамдық онлайн қабылдауында Серікжан Бақытұлы Жексембиев кездесу өткізді.
Ауыл-аймақтардың интернет желісімен бүгінде толықтай қамтылуының арқасында, ауыл елді мекендердің де азаматтары бейнебайланысқа шығып, көкейлеріндегі сауалдарын жолдады. Олардың көбін жұмыспен қамтылудың жолдары, жеке кәсібін ашудың тиімді тетіктері қызықтырды. Әлеуметтік, құқықтық мәселелерін де ортаға салды. Айта кетейік, бұндай шара партия қабырғасында тұрақты өткізіледі. Халықтың мұң-мұқтажын тиісті орындарға жеткізіп, оң шешілуіне ықпал етіп жүрген халықтық партия билік пен бұқара арасында тікелей байланыс орнауына жол ашуда.
Сайлаушылардың өтініштерімен, талап - тілектерін тыңдап, аудандық партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, қоғамдық қабылдауға қатысқандарға заң аясында кеңестер беріп өтті.
«Nur Otan» партиясына дауыс берейік!
«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Қаратал ауданы сайлау қоры қаражаты есебінен төленді
Пікір қалдыру