Дональд Трамп жақтастары АҚШ конгрессі ғимараты – Капитолийге басып кіргеннен кейін Республикалық партиядағы жақтастары одан теріс айналды.
– Біздің Капитолийге басып кіру арқылы сендер жеңіске жетпедіңдер. Зорлық ешқашан жеңген емес. Еркіндік әрқашан жеңіс тұғырында тұрады. Ал еркіндік дегеніміз – Халық үйі. Вандализм мен зорлыққа қарамастан әлем біздің демократияның күші мен беріктігіне тағы бір көз жеткізді, – деді АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс.
Трамп Вашингтонда президент сайлауындағы жеңісі "ұрланды" деп мәлімдегеннен кейін оның жақтастары Капитолийге басып кірген. Тәртіпсіздік басталғаннан кейін қазіргі президент Дональд Трамп жақтастарына үйлеріне қайтуын сұрағанымен сайлаудың әділетсіз өткені туралы қайталап, тәртіпсіздіктің тоқтамауына түрткі болды.
Шерушілер Капитолийге басып кірместен бұрын былтыр өткен президент сайлауында шешуші рөл ойнаған сайлау бюллетендері ғимараттан шығарылған.
Тәртіпсіздік кезінде бір әйел қайтыс болды. Ғимаратта екі жарылғыш зат табылды. Капитолийдегі жағдайдан кейін Трамптың Республикалық партиядағы жақтастары одан теріс айналды.
Пікір қалдыру