Коронавирусқа шалдыққан 99 адамның жағдайы өте ауыр

/image/2021/01/08/crop-37_0_802x1426_rian_6236230.hr-pic4_zoom-1500x1500-131.jpg

Елде тағыы 831 адамнан коронавирус, 76 адамнан пневмония анықталды. 3 адам коронавирустан көз жұмды.

Қазақстан бойынша 22 776 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 5 367 пациент стационарда, 17 409 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ-ге шалдыққандардың арасында 291 адамның жағдайы ауыр, 49 пациенттің жағдайы өте ауыр, 50 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

13 наурыздан бүгінгі күнге дейін Қазақстанда 160 650 адамнан коронавирус табылған. 2352 адам өлген.

1 тамыздан бері 46 190 науқастан пневмония анықталған. 519 сырқат көз жұмған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар