Пәтер алмақ болған Ақтөбе тұрғыны алданып қалды

/image/2021/01/08/crop-40_86_425x756_210106105004481e.jpg

Пәтер сатып алуды жоспарлааған ақтөбелік тұрғын алаяққа 500 мың теңге ақшасын беріп жіберді. Бұл туралы ҚазАқпарат  сайты хабарлады. 

Ақмолада қойма меңгерушісі мен жүргізуші 112 мың жұмыртқаны жоқ қылған Ақтөбе облыстық полиция департаментінің қызметкерлері алаяқтық жасаған қала тұрғынын қолға түсірді. Күдікті үй сатып алмақ болған адамды алдап, оның 500 мың теңге ақшасын алып кеткен.

– Күдікті бұған дейін тағы бір адамды алдаған. Жүргізуші куәлігінен айырылған ақтөбеліктің құжатын қайта алып беруге уәде етіп, 130 мың теңгесін алып кетті. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе 1000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы қарастырылған. Ақтөбе облысының полицейлері аса сақ болуға және алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар