Маңғыстау облысының бас санитар дәрігері Г. Надуев карантинді күшейтуге қатысты қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Қаулыға сәйкес:
- ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды сондай-ақ отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) өткізуге тыйым салынады;
- спортшылардың Қазақстаннан тыс жерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуына, сыртқа шығуына тыйым салынады;
- карантин режимін сақтай отырып, қоғамық көліктердің жұмысына рұқсат беріледі;
- жеке автокөліктердің өңірлер арасында жүруіне рұқсат етіледі;
- облыс аралық жолаушылар поездарының қозғалыстарына рұқсат етіледі.
Сонымен қатар бас санитар дәрігер оқушылар мен студенттер 2020-2021 оқу жылының ІІІ тоқсанынан/екінші семестрінен бастап қалай оқитынын айтты.
- сыныптарды 15 баладан асырмай жинақтауды сақтай отырып, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беру мектептерінде 1-ден 5 (7) сыныпқа дейін қоса алғанда, кезекші сыныптарда оқытуға рұқсат етіледі;
- 9, 11 (12) сыныптарда санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту енгізілді. Пәндердің 70%-ы – дәстүрлі форматта, 30%-ы – қашықтан оқытылады;
- 5 оқушыға дейінгі топтарда жеке консультациялар өткізуге рұқсат етіледі;
- ТжКБ, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының 1 курс студенттерін аралас оқыту форматында оқытуға рұқсат етіледі.
Пікір қалдыру