Америкадағы әлеуметтік дағдарыстар кезінде ірі технологиялық миллиардерлер көбіне алғашқылардың бірі болып пікір білдіреді.
Tesla және SpaceX компаниясының бас директоры Илон Маск көптеген құрдастарынан айырмашылығы Вашингтонда сәрсенбі күні түстен кейін басталған бүлік туралы тікелей айтқан жоқ.
Бірақ ғаламшардағы ең бай адам жаңалықтарды көріп отырғанын және АҚШ Капитолийінде орын алған зорлық-зомбылық оқиғалары туралы өз пікірін астарлап жеткізді.
Илон Маск Twitter парақшасында АҚШ Капитолийінде болған зорлық-зомбылық үшін Facebook құрылтайшысы Марк Цукерберг кінәлі екенін меңзеді.
"Мұны домино эффект деп атайды" деп жазды тех-миллиардер. Маск Twitter парақшасына шығарған мемде домино тәрізді тақтайшалар бейнеленген.
Маск ең кішкентай тақтайшаны "кампустағы әйелдерді бағалауға арналған веб-сайт" деп белгіледі. Бұл Facebook-тің алғашқы нұсқасын меңзейді. Себебі, Марк Цукербег 2003 жылы кампустағы қыздардың келбетін бағалауға мүмкіндік беретін FaceMash-ты жасаған. Ол Facebook-тың алғашқы нұсқасы болды.
Масктың твитіне Нью-Йорк Таймстың тілшісі Марк Лейбович "Капитолий викинг шляпасын киген адамның бақылауында сияқты" деп жазды.
"Масктың месседжы айқын болды. Сәрсенбідегі дүрбелеңге себеп: әлеуметтік желі платформалары, әсіресе Facebook жылдар бойғы саяси және идеологиялық поляризацияны қалыптастырды. Ал бұл соңында домино эффектті туғызды" деп түсіндірді Business Insider.
Пікір қалдыру