Түркі дүниесі Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов Халықаралық Түркі академиясы 8 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында өткізген «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты халықаралық конференция көрші мемлекеттер арасына іріткі салғысы келетін саяси сайқымазақтардың сандырағына орынды жауап болды деп санайды.
– Бұл конференция және оның терең ғылыми мазмұны халықтар арасына ірткі салып, Қазақстан және Ресей халықтарының достығына сына қаққысы келетін әртүрлі санаттағы саяси сайқымазақтардың жалған әрі негізсіз әрекеттеріне лайықты жауап болды, – деп атап өтті.
Онлайн-оффлайн режимде өткен шараға 20-дан астам мемлекеттен ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ түркі әлемінің бірқатар ресми тұлғалары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Пікір қалдыру