Қазақстандағы мәжіліс депутаттарының сайлауында екінші exit poll деректері жарияланды. Мәліметтерді КТК арнасының тікелей эфирінде "Демократия институтының" жобалар жөніндегі директоры Татьяна Башарина жариялады.
"Демократия институтының" мәліметтері бойынша exit poll нәтижелері келесідей:
Қазақстан Халық партиясы - 9,54 пайыз;
Nur Otan партиясы - 72 пайыз;
"Ауыл" партиясы - 4,93 пайыз;
"Ақ жол" партиясы - 10,2 пайыз;
Adal партиясы - 3,25 пайыз.
Сауалнама КТК телеарнасының тапсырысы бойынша жүргізілген.
Естеріңізге сала кетейік, мәжіліске өту үшін партиялар кемінде жеті пайыз дауыс жинауы қажет.
Exit poll - сайлау науқаны кезінде сайлау учаскелерінің алдында халықтың пікірі мен сайлау нәтижесін мерзімінен бұрын жорамалды түрде білу.
Пікір қалдыру