Қазақстанда 2016 жылдың соңына қарай үйдің бағасы 20 пайызға төмендеуі мүмкін

/uploads/thumbnail/20170708193500232_small.jpg

Кейбір сарапшылардың пікірі бойынша Қазақстанда қайталама нарықта баспана құны (доллар эквивалентінде) келесі жылдың соңына қарай 20 пайызға төмендейді. Бұл туралы «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.  Кеше Астанада "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысының ұйымдастыруымен сараптау клубының отырысы өткен болатын.

Әңгімелесу барысында теңге еркін ауытқу бағамына өткеннен кейін жылжымайтын мүлік нарығында қандай өзгерістер болды деген тақырыпта пікірлер алуандығы туған.  

"Осыған дейінгі, яғни 2014 жылы ақпандағы теңге бағамына түзету жасау жүйесіне мысал ретінде қарайтын болсақ, біз доллар бағасының қазіргі таңда 16 пайызға түскенін көреміз. Біз қазір теңге бағасының девальвациялық деңгейге қайта оралғанын көріп отырмыз. Қазіргі жағдайға байланысты айтатын болсақ, бұл жердегі теңге бағамының өзгерісінен біз халық табысының төмендегенін, отандық компаниялар кірісінің азайғанын көреміз, себебі дағдарыс қалай болғанда да оларға әсер етеді. Мұның барлығы баспана құнының түсуіне әкеп соғады. Біздің болжам бойынша, 2016 жылдың соңына қарай баға 20 пайызға төмендейді", - деді  kn.kz ақпараттық порталының аналитикалық қызметінің басшысы Анна Шацкая.

Анна Шацкаяның айтуынша, қазіргі таңда Астанада үйдің әр шаршы метрінің бағасы - 1820 доллар. Айта кетейік, бұл жердегі әңгіме қайталама нарықтағы баспаналардың құны жөнінде.

«Қазір жылжымайтын мүлік нарығында "кейін шегінушілік" байқалады, яғни баға бұрынғы теңгеге қайтып оралады. "Бағаның құлауы одан да тереңірек болуы мүмкін", - дейді ол.

Қатысты Мақалалар