"Коронавирустың екінші толқыны басталды". Вице-министр мәлімдемесі

/image/2021/01/13/crop-234_1_634x845_2020091618190522717_n1609-1200.jpg

Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталды ма? Бұл сұраққа денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте жауап берді.

– Біз екінші толқын екенін түсінеміз... Дегенмен біз оны бірінші, екінші толқынға бөлмейміз. Іс жүзінде ауру жұқтырған науқастардың көбеюі байқалады. Біз жағдайдың дамуын пессимистік емес, нақты деп айта аламыз. Аурудың көбеюіне қарап, екінші толқынның даму сатысында тұрмыз деп айта аламыз. Себебі ауру толқын тәрізді көбейеді, – деді Ерлан Қиясов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар