Мысырлық миллиардер босқындарға арнап бір аралды сатып алатынын мәлімдеді

/uploads/thumbnail/20170708193502797_small.jpg

Мысырлық  миллиардер Нагиб Савирис Италия мен Грекияның билік басшыларынан босқындарға арнап бір аралды сатып алғысы келетінін айтты. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазған.

Ал батыстың бұқаралық ақпарат құралдары Савиристің байлығы 3,1 миллиард долларға бағаланғанын және  Савиристің Жерорта теңізінде 10-100 миллион доллар аралығында бір аралды сатып алуға мүмкіндігі бар екенін жазады. Бұл туралы «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Грекия немесе Италия, өз аралдарыңыздың бірін сатыңыздаршы. Мен оны тәуелсіз етіп жариялап, босқындарды қабылдаймын, жұмыспен қамтимын. Онда олар өздерінің жаңа отанын салады", - деп жазды Савирис. 

2015 жылдың басынан бері Еуроодаққа 340 мыңнан аса босқын ауып келген. Бұған дейін Еуропалық одақ одаққа мүше елдердің әрқайсысына Грекия мен Италияға келіп үлгерген босқындарды 40 мыңнан үлестіруге шешім қабылдаған болатын. Оның үстіне қосымша 20 мың босқынды үшінші елдерден әкелуге мүмкіндік туған. 

Айта кетейік, сириялық үш жасар Айлан Курдидің өлімі босқындардың өміріне бүкіл әлемнің назарын аударған . Баланың жағалауға шығып қалған жансыз денесінің суреттерін көргендер Желіге баланың құрметіне арнап салған суреттерін жариялай бастады.

Сириялық бүлдіршіннің қазасынан кейін, босқындардың мәселесі Еуроодақ көшбасшыларын оңтайландыруға көшкен. Financial Times мәліметінше, Брюссель ЕО-ға мүше мемлекеттер қабылданып жатқан босқындардың санын төрт есе көбейтеді. Франция билігі болса өз кезегінде Брюссельдің ұсынысын қабыл алатынын мәлімдеп, таяу күндері бұл мәселені Германиямен талқылайтынын жеткізді. Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон босқындардың санын көбейтуге дайын екенін хабарлады.

Ал Еурокомиссияның президенті Жан-Клод Юнкер келесі аптада ЕО-ға мүше елдерді Грекиядан, Италиядан және Венгриядан 160 мың босқынды қабылдауға шақырғалы жатыр. Ал осыдан екі апта бұрын тек 40 мың адам туралы сөз қозғалған еді.
 

Қатысты Мақалалар