2021 жылдың 15 қаңтарында азаматтық белсенді Жанболат Мамай Тоқаев ашқан жетінші шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясын "заңсыз" деп атап, Тәуелсіздік монументінің алдында жалғыз адамдық пикетке шықты.
Белсенді бір күн бұрын facebook парақшасында "заңсыз жиналған парламент отырысының кезінде пикетке шығамын" деген жазба қалдырып, сол арқылы заңға сәйкес барлық тараптарды ескерткенін жазған.
Журналистерді алаңға шақырған азаматтық белсенді 10 қаңтарда өткен сайлаудың заңды, әрі легитимді түрде өтпегенін айтады.
Пікір қалдыру