Нұр-Сұлтанда жетінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы өтуде. Оған сенат депутаттары, 10 қаңтарда сайланған мәжіліс депутаттары, сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.
– Біз әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қайта жүктеуіміз керек. Мемлекеттің басымдығы неғұрлым осал азаматтарды қолдауға бағытталуға тиіс. Бұл ретте мемлекеттік көмекті алу кезінде тиісті талаптарды күшейту қажет. Үкімет пен Ұлттық банк зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеуде. Оны іс жүзінде іске асыру сапалы заңнамалық қамтамасыз етуді талап ететіні анық, – деді Тоқаев.
Пікір қалдыру