Демалыс күндері күн жылы болады

/image/2021/01/15/crop-126_4_434x579_zima-leto-pogoda.jpg

16-17 қаңтарда республиканың батысы мен солтүстігінде Жерорта теңізі циклонының ықпалымен ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлады Қазгидромет синоптиктері.

Кей жерлерде жауын-шашын болады. Батыста қар мен жаңбыр түрінде, солтүстікте қар, сондай-ақ кей жерлерде желдің күшеюі және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Батыста кей жерлерде көктайғақ болады. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар