Тоқаев өзін қолдамаған депутаттардың әрекетін түсіндірді

/image/2021/01/15/crop-177_6_671x895_3838d438-6373-43aa-8abb-c4983ed17a26_w1200_r1.jpg

Бүгін жетінші шақырылған мәжілістің бірінші жалпы отырысында премьер-министрдің кандидатурасына дауыс беруде 21 депутат қалыс қалды.

Асқар Мамин кандидатурасын Қазақстанның премьер-министрі лауазымына дауыс беруге 99 депутат қатысты. Олардың 78-і Маминнің кандидатурасын қолдап, 21 депутат қалыс қалды.

Партиялардың қалыс қалуын Тоқаев Мамин кандидатурасына қарсылық деп түсінбеу керектігін айтты.

– Бүгін өте қызық талқылау болды. Пікірталас өте ашық, анық, айқын болды. Сондықтан мен ризамын. Баршаңызға ризашылығыңызды білдіремін. Күтілгендей, "Ақ жол" мен "Қазақстан халық партиясы" фракциялары қалыс қалды. Менің түсінігімде, бұл – президент ұсынысына қолдау көрсетпейтінін білдірмейді. Қалыс қалу – бұл мемлекет басшысының ұсыныстарына қайшы келмейтін ұстаным. Партиялардың дауыс беруде қалыс қалуы – премьер-министрдің кандидатурасына қарсы келу емес. Бұл – тек қалыс қалу, – деп түсіндірді Тоқаев.

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар