Алматы облысы Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітов қайтыс болды, деп хабарлады Азаттық рухы сайты.
Сайт мәліметінше, 62 жастағы дәрігер 2020 жылғы 30 желтоқсанынан бастап коронавирустан емделген. Алайда арада 18 күн өткенде Нұрлан Құлсейітов жан тапсырды.
– Нұрлан Құлсейітовтің қос өкпесі де қабынған, өкпесінің 90-95% күйген... Қателеспесем, бас дәрігер шамамен 9 жыл бұрын көлік апатына ұшырап, әрең аман қалған. Енді бас дәрігердің міндетін уақытша Ербол Сәрсенбаев атқара тұрады, – деді Талғар ауданы әкімінің орынбасары Ахмет Әшімахун.
Нұрлан Ғаббасұлы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін үздік бітірген. Еңбек жолын 1984 жылы бастаған. Ол аудандық аурухананы 2005 жылдан бері басқарған.
Еске салсақ, бұған дейін бас дәрігер Нұрлан Ғаббасұлының науқастың сұрағына жауап беру кезінде үстелді ұрған видеосы әлеуметтік желіде тараған.
Пікір қалдыру