Мейрамбек Беспаевтың коронавируспен ауруханаға түскені хабарланды

/image/2021/01/17/crop-12_3_407x610_main38563760_66aeff0f3373139fffaba6571d0eecc9.jpg

"МузАРТ" тобының әншісі Мейрамбек Беспаев коронавирус жұқтырып, Алматыдағы ауруханаға түсті, деп хабарлады Tengrinews.kz.

– Кеше түстен кейін жедел жәрдем шақырдық. Ол күрт нашарлап кетті. Алдымен пневмония, содан кейін коронавирус екені айтылды, - деді "МузАРТ" тобының директоры Ерлан Жүнісбай.

Топ директорының айтуынша, қазір Мейрамбек Беспаев өзін жақсы сезінеді.

– Кеше кешке онымен сөйлестім. Ол өзі бұл ауруға сенбегенін айтады. Қалқамандағы № 7 аурухананың дәрігерлеріне алғыс айтқысы келеді. Қазақстандықтар мұның қаншалықты қауіпті екенін түсінуін, үйде отыруын және қонақтарға бармауын сұрайды, - деді Жүнісбай.

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар