Димаш АҚШ президентінің инаугурациясында ән шырқады

/image/2021/01/18/crop-156_3_522x696_crop-8_12_528x992_dimash-1.jpg

17 қаңтарда АҚШ президенті Джо Байденнің инаугурациялау апталығының ашылуына арналған салтанатты іс-шарада әнші Димаш Құдайберген ән шырқады. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады.

Сайт мәліметінше, дәстүр бойынша салтанатты шараны бауырлас қалалардың халықаралық қауымдастығы – Sister Cities International ұйымы өткізді.

Коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты биыл шара онлайн-режимде өтті.

Мерекеде белгілі спикерлер мен орындаушылар сөз сөйледі, олардың ішінде: губернатор Билл Анабутти, Джозефина Биверс, генерал-майор Армандо Кабада, конгрессмен Элеонора Холмс Нортон, майор Тим Келлер, сенатор Боб Менендез, АҚШ теңіз оркестрі, Кэрол Робертсон Лопез және басқалар бар.

Салтанатты рәсім кезінде Димаш қазақтың халық әні "Самалтауды" орындады. Бұл АҚШ-тың сайланған президентін инаугурациялау апталығын ашатын іс-шарада Sister Cities International мен АҚШ және Қазақстан қарым-қатынасының бүкіл тарихында Қазақстаннан алғаш рет әртіс қатысқан кез болды.

Димаш SCI өкілдеріне шақырғандары үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ Димаштың 20 қаңтарда Sister Cities International ресми сайтында тағы бір ән орындауы көрсетілетіндігі жарияланды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар