Қазгидромет 23-25 қаңтар күндеріне ауа-райы болжамын ұсынды.
Метеорологтардың айтуынша, Салехард облыстарынан келетін суық антициклон Қазақстандағы ауа-райына әсер етеді.
– Жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді деп күтілуде: оңтүстік облыстарда -10, -20 ℃ дейін, солтүстік аймақтарда -32, -40 градусқа дейін. Кей өңірлерде тұман мен жел күшейеді, – делінген хабарламада.
Бұған дейін 22 қаңтарда Қазақстанда қатты салқындау күтіледі деп хабарланған болатын. Синоптиктер ауа температурасының күрт төмендеуіне, боран мен тұманға байланысты бес аймақта дауыл туралы ескерту жариялады.
Пікір қалдыру