Ресей азаматтары оппозиционер Алексей Навальныйды босатуын талап етіп митингке шықты. Олардың кейбірін полиция ұстап жатыр.
Бұған дейін Навальный халықты наразылық акциясына шығуға шақырған болатын. Ал полицейлер халықты үйде отыруын талап еткен.
Алексей Навальный Берлиннен еліне оралғанда оны әуежайда полицейлер ұстап әкеткен. Полицейлер Навальныйды мерзімінен бұрын бостандыққа шығу шартын бұзды деп айыптады. Алексей Навальный бұны өзінің үнін өшіру үшін әдейі жасалған билік әрекеті деп санайды.
Ол уланғаннан кейін Германияда ұзақ уақыт емделген. Навальный өзін "Ресей билігі улады" деген пікірде. Тіпті өзін улағандар туралы зерттеу жүргізп, оның бейненұсқасын youtube желісіне жүктеген. Видео бүгінде 20 млн-нан астам адам рет көрілген.
Навальный жуырда «Ресей президенті Владимир Путиннің Қара теңіздегі зәулім сарайы» деген видео жариялады. Оны 60 миллион адам көрген. Билік өкілдері сарай Путинге тиесілі емес екенін жоққа шығарды, алайда Мәскеуге халық илана қоймады.
Халық Ресейдің көптеген қаласында қарсылық акциясына шығып жатыр. Полицейлер митингіге шыққандарды ұстап әкетуде. Ұсталғандардың арасында Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш пен оның адвокаттарының бірі Любовь Соболь да бар. Олар айыппұл төлейді немесе қысқа мерзімге түрмеге қамалауы мүмкін, алайда Кира Ярмыштың қамауда отырғанына 9 күн болды.
Қазір митинг Владивосток, Краснодар мен Жаңасібірде өтіп жатыр. Сенбіде 60 қалада қарсылық акциясы болады деп күтілуде.
Пікір қалдыру