2021 жылғы 24 қаңтарда Алматы облысы жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешевті пара алды деген күдікпен ұстағаны хабарланды. Бұл туралы ақпарат yyedilov телеграм-каналында жарияланды.
Ақпаратқа сай, аудан әкімінен бөлек оның орынбасары Ахмет Әшімахун мен тұрғынүй коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшісі Асқар Шамаев те ұсталған.
Телеграм-каналдағы келесі ақпаратта Серікжан Ерекешев 22 қаңтарда, яғни ұсталғанға дейін 2 күн бұрын қызметінен босатылғаны хабарланды. Алайда баспасөз беттерінде 22 қаңтарда мұндай ақпарат тарамаған.
Серікжан Ерекешев Талғар ауданының әкімі қызметін тек жарты жыл ғана атқарған.
Пікір қалдыру