Нұр-Сұлтанда үй ішіне тікелей газ орнату құны 30%-дан астам төмендеді. Елорда әкімдігі монтаждау жұмыстарының құрылысына маманданған жеке ұйымдармен бірнеше рет кездесу өткізді. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.
"Осылайша, мысалы, "Әлия сервис" ЖШС үй ішіне газ кіргізу құнын 240 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін төмендетті (37,5%-ға), "ҚазтрансГаз Аймақ" АҚ 123 мың теңгеге жуық және басқа да бірқатар жеке ұйым үй ішіне газ өткізу құнын арзандатты. Бұл сомаға газ жабдығы мен жиынтықтауыштардың құны кірмейді" делінген әкімдік таратқан ақпараттықхабарламада.
Тұрғын үй алаптарына газ тарату желілерін, оның ішінде тұрғын үйлер бойындағы орамішілік желілерді салуған Нұр-Сұлтан әкімдігі жауапты. Ал үй ішіне тікелей жеткізу жеке ұйымдарға жүктелген.
Пікір қалдыру