Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы ақпаратты жариялады.
Министрлік мәліметінше елде бір тәулікте 1342 адамнан коронавирус анықталып, 14 адам өлген. 71 науқас пневмония жұқтырып, 3 адам көз жұмған.
31 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 794 адам короновирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 6 393 пациент стационарда, 21 401 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 254 адамның жағдайы ауыр, 54 пациенттің жағдайы өте ауыр, 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Ел бойынша, COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 186 711-ге жетті. Оның ішінде 2549 адам өлген. 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан пневмония статистикасына сай, 47 858 адам індет жұқтырып, 569 адам қайтыс болған.
Пікір қалдыру