Ресейдегі митинг. ОМОН травмат қаруын қолданып, электрошокер, дубинамен ұруда

/image/2021/01/31/crop-27_10_577x1026_00b96f38-a721-4fb2-955c-20e8f1110bc9.jpg
Ресейде оппозиционер Алексей Навальный жақтастарының жаппай митингі өтіп жатыр. Наразылық акцияларында 1000-нан астам адам ұсталған. ОМОН қызметкерлері ұстау барысында күш қолдануда. Травмат қаруымен оқ атқан, электрошокермен, дубинамен ұрған жағдайлар кездесті.

"Фонтанка" ақпарат ресурсы Петербургте полиция наразылардың біріне тапанша кезегенін түсіріп алған.

Владивостокта ұсталғандардың біріне қарсы травмат қаруынан оқ атылған. Шеруге шыққан азамат өзіне азаматтық киімдегі адам атқанын хабарлаған. "Өлген жерім осы шығар" деп ойлағанын айтқан ол аяғынан жараланған.

BBC Челябинскте ОМОН қызметкерлері наразы азаматтың үстіне мініп алғаны көрінген видео жариялады. Жердегі адам "Жігіттер, дем жетпей жатыр" деп үстінен түсуін сұрауда.

"Медуза" медиаресурсы Мәскеудегі митингте басы жарылған адамның видеосын бөлісті.

 

TJ ресурсы Петербургте бірнеше полицей митингке шыққан адамды сүйреп алып бара жатқанын түсіріп алған. Кадр сыртында электрошокер даусы естіледі.

Петербургте наразы азаматтар күштік құрылымнан ұсталғандардың бірін босатып, ОМОН-дардың үстіне бояу шашты. "Дождь" ресурсы жариялаған видеода арнайы жасақ өкілі ұсталған адамға араша түспек болғандарды дубинамен ұрғаны көрінеді.

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар