Қазақстанның Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 1 ақпаннан бастап "102" мобильді қосымшасы іске қосылғанын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
– Бүгін "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында біз ресми түрде азаматтарға ыңғайлы жаңа сервис – "102" мобильді қосымшасын іске қосамыз.
Тәулік сайын полицияның жедел басқару орталықтарының операторлары 102-арнасына келіп түскен 10 мыңға жуық хабарламаға жауап береді, – деді ол.
Пікір қалдыру