Аймағамбетов ЖОО-да қандай өзгерістер болатынын айтты

/image/2021/02/02/crop-0_16_485x647_ai9i0702-1-4.jpeg

Бүгін үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сапасыз жоғары оқу орындарын жабу жұмысы ары қарай жалғасатынын айтты.

– Жоғары білімнің сапасын арттыру үшін педагогтарды, дәрігерлерді, заңгерлер мен сәулетшілерді даярлайтын университеттерге ерекше біліктілік талаптары енгізіледі.

Бұған қоса академиялық адалдықты бұзғаны және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін лицензиядан айыруға дейінгі жауапкершілікті нормативтік-құқықтарға бекітуге дайындадық. Сондай-ақ мемлекеттік бақылау жөніндегі заңнамаға лицензиялау және тексеру тәртібін өзгерту, лицензияларды қайтарып алу рәсімін енгізу нормалары бойынша өзгерістер енгіземіз. Сапасыз жоғары оқу орындарын жабу жұмысын ары қарай жалғастырамыз, – деді Аймағамбетов.

Министр колледждерге академиялық дербестік берілетінін айтты.

– Колледждерге академиялық дербестік беріледі. Аталған шара білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгертуге мүмкіндік беріп, оқыту мерзімдерін қысқартады. Білім сапасын арттырып, еңбек нарығына жылдам шығаруды қамтамасыз етеді, – деді ол.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар