"Отбасы банктің" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова біржолғы зейнетақы төлемдерін алу жолдары жеңілдетілгенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
– 20 күннің ішінде, тіпті одан ертерек enpf-otbasy.kz сайтында сіздің тұрғын үй жағдайыңызды жақсартуға деген арманыңызға бастар жолды жеңілдете түсетін қызмет енгізіледі, – деп хабарлады басқарма төрайымы.
Оның айтуынша, пәтер сатып алу немесе займды өтеуге арналған құжаттарды жүктегенге дейін бірреттік зейнетақы төлемін алған соң оған туыс адам берген қаражатты қосу мүмкіндігі беріледі. Яғни бұл, әсіресе бірреттік зейнетақы төлемін алғаннан кейін үлкен қаржыға жылжымайтын мүлік сатып алуды жоспарланғандар үшін ыңғайлы.
БЖЗҚ-дан есепшотқа ақша түскен соң бірреттік зейнетақы төлемін пайдалану мақсатын өзгертуге және түзетулер енгізуге болады. Сондай-ақ егер зейнетақы төлемдері арнайы есепшотқа түсіп қойса, ол өтініштің күшін жояға болады.
– Есепшотқа ақша түскен соң көпшілігінде ақшаның түскен, түспегенін қарай алмай шатасып жатады. Сондықтан бүгіннен бастап клиенттерге ақшаның арнаулы есепшотқа түскені туралы сүйінші жаңалықты хабарламамен жібереміз. Сонымен қатар "Отбасы банкінде" несиені ішінара мерзімінен бұрын өтеу туралы қосымша келісімге қол қоюға кеңсеге бармайды. Барлық құжаттарға қол қою интернет-банкинг арқылы жүзеге асады, – деп атап өтті ол.
Пікір қалдыру