Асқар Мамин бейнеүндеу жасады

/image/2021/02/05/crop-97_1_538x718_e509f98e20adf6f9657175ccfc903083_xl.jpg

Премьер-министр Асқар Мамин "Digital Almaty 2021" форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасады.

– Пандемия жағдайында Қазақстан экономикасы тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсеткеніне қуаныштымын. Бұл негізінен мемлекеттік және жеке меншік секторлардың барлық салаларына цифрлық шешімдердің енуімен байланысты. Шектеулерге қарамастан, біз цифрлық инфрақұрылымның қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша жұмысты жеделдеттік. 2020 жылы 20 мың шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аяқталды. Мобильді байланыстың мыңнан астам базалық станциясы орнатылды. Бұл өңірлердегі технологиялық теңсіздік деңгейін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде Қазақстан халқын интернетпен қамту бүгінде 99 пайызды құрайды, – деді премьер-министр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар