Белгілі ғалым Ербол Іргебай қайтыс болды

/image/2021/02/05/crop-132_0_620x826_whatsapp-image-2021-02-05-at-18.13.00.jpeg
Нұр-Сұлтандағы оқушылар сарайының бұрынғы директоры, ардақты ұстаз, қайымтанушы, абайтанушы Ербол Іргебай дүниеден озды, деп хабарлады zakon.kz сайты.
 
– Тағы бір ардақты қазақ өтті өмірден!... Қай жерге барса да қазақы болмыс-бітімін сол жерге көшіре баратын өте ұлтшыл ер еді. Алаш арыстарының аманатшыл ізі еді. Сырқат күйіне қарамай тағы бір мектепке Қайым Мұхамедханның атын алып беріпті. Оқушылар сарайына қазақы қан жүгіртіп еді, оған Әл-Фарабидің атын әперген осы кісі еді. Жарықтық-ай, керілген киіктей сұлу да, қысқа ғұмырың біздерді ойландырып, опындырып кетті. Жаныңыз жәннатта болғай. Ербол аға тірі жүргенде, әйтеуір бір жерде қазаққа пайдалы бір іс істеліп жатқандай сезіліп тұрушы еді. Амал жоқ, – деп жазды Ұларбек Нұрғалымұлы.
 
Ербол Іргебай Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының тумасы. Білімді ұстаз, ұлт жанашыры, 30 жылдан астам уақыт бойы шәкірт тәрбиелеп, ұстаздық еткен. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының № 90 мектеп-гимназиясының директоры қызметтерін атқарған және Қайым Мұхамедхановтың шығармалар жинағының 10 томдығын құрастырған.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар