Нұр-Сұлтан "қызыл" аймаққа қайта кірді

/image/2021/02/08/crop-13_7_509x905_1610344013424.jpg

Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа қайта кірді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Павлодар облыстары тұр.

"Сары" аймақта Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан.

Қазақстан жалпы індеттің таралуы бойынша "жасыл" аймақта тұр.



Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар