"Шындыққа жанаспайды". Министрлік зейнет жасына қатысты мәлімдеме жасады

/image/2021/02/08/crop-4_3_444x592_photo_328492.jpeg

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнет жасының өзгеретіні туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған Қазақстанда зейнеткерлік жастың өзгертілуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ерлер үшін зейнеткерлік жас – 63 жас, әйелдер үшін бүгінгі таңда – 60 жас және одан әрі 2027 жылға қарай 63 жасқа дейін біртіндеп артады" делінген хабарламада.

Ресми сайттың мәліметіне сүйенсек, бүгінгі күні республикада ынтымақты, базалық және жинақтаушы зейнетақы төлемдерін (БЖЗҚ) қамтитын үш деңгейлі зейнетақы жүйесі қалыптасқан. Зейнетақының жиынтық мөлшері еңбек өтіліне байланысты болып келеді.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар