Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты соңғы деректерді жариялады.
Министрлік мәліметінше, бір тәулікте 1053 адамнан коронавирус анықталып, 8 адам көз жұмған. 70 адам пневмония жұқтырып, 3 адам қайтыс болған.
Бүгінде 16 188 адам короновирус инфекциясынан, 9 803 адам пневмониядан емделуде, олардың ішінде 5 438 пациент стационарда, 20 553 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында 264 адамның жағдайы ауыр, 46 пациенттің жағдайы өте ауыр, 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Пікір қалдыру