Қазақстанның екі облысында карантин шаралары жеңілдетіліп, кейбір шектеу шаралары алынды.
Солтүстік Қазақстан облысы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің соңғы қаулысына сәйкес облыста шектеу шараларының төмендегідей түрлері жеңілдетілді.
♦ Сенбі күні сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, жабық киім базарларының, жабық азық-түлік емес тауарлар базарларының, жабық құрылыс базарларының, бассейндердің қызметіне рұхсат етіліп, жұмыс уақыты 24.00-ге дейін ұзартылды;
♦ Қоғамдық көліктердің жұмысы жандандырылды (елдімекендер ішінде, оның ішінде қала маңы маршруттарында), фитнес, тренажер залдары, спорт объектілері, сенбі және жексенбі күндері 500 шаршы метрден асатын азық-түлік емес дүкендер жұмысын жалғастырады;
♦ Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақыты сағат 08.00-ден 24.00-ге дейін ұзартылды, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге рұқсат етілді, оның ішінде сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда орталықтарында, сауда үйлерінде жұмыс істеуге рұқсат етілді;
♦ Штат кестесі 15-тен астам қызметкер болған кезде қызметкерлердің кемінде 60%-ы қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырылады;
♦ Радиусы 300 шақырымнан аспайтын қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысына рұқсат етіледі.
Ал Қызылорда облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес жекелеген объектілердегі карантин талаптары жеңілдетілді:
♦ Сыйымдылығы 150 адамға дейін, толымдылығы 25%-тен аспайтын мешіттерде, ауылдық жерлерде ғана жұма намазына рұқсат берілді.
♦ Білім беру ұйымдарындағы контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық дәстүрлі форматта оқитын мектептер, 1-ден 5-ші сыныпты қоса алғанда, оқу бітіретін 9, 11 (12) сыныптардағы оқушылар, колледждер мен жоғары оқу орындарының І курс студенттері үшін қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат етілді.
Пікір қалдыру