Димаш Құдайберген АҚШ-қа көшетінін мәлімдеді

/img/default.jpg Фото:

Әнші Димаш Құдайберген шығармашылығын дамыту үшін Америкаға көшуді жоспарлап отыр. Бұл  туралы ол instagram парақшасында хабарлады.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында MTV USA бағдарламасына Кеван Кенниге берген эксклюзив сұхбатынан үзінді жариялады. 

– Сұхбатта Қытайда қанша жыл өмір сүргенім және Америкаға өз шығармашылығымды қолдау үшін қашан көшуді жоспарлап отырғаным туралы білесіздер, – деп жазды әнші.

Ол өзіне Қытайдағы тұрғындардың ұнағанын, жанкүйерлерінің өте қамқор екенін, сол елдегі шығармашылығы туралы айтты.

 

Сондай-ақ Димаш Құдайберген шығармашылығын дамыту мақсатында уақытша Америкаға көшу жоспарында екенін мәлімдеді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Қатысты Мақалалар