"Кенжехан" базары артындағы қоқыстан ер адамның денесі табылды

/image/2021/02/12/crop-88_0_532x709_055147599900.jpg

Қоқыс үйіндісінің астында қалып кеткен ер адамның денесін құтқарушы қызметкерлері алып шықты, деп хабарлады zakon.kz 

Алматы қаласы құтқару қызметінің баспасөз қызметі 11 ақпанда сағат 14:50- де кезекшінің шұғыл басқару пультіне көмек сұраған адамнан қоңырау келіп түскенін хабарлады. 

- Алатау ауданында орналасқан "Кенжехан" базарының артында тазалау жұмысын атқарып жатқан ер азамат оқыстан құлап, қоқыс үйіндісінің астында қалып кеткен. Құтқару қызметіне қоңырау келіп түскеннен кейін шұғыл түрде 12 адамнан жасақталған құрам дереу оқиға болған орынға жұмылдырылды, деп хабарлады құтқару қызметі.

Өкінішке қарай, ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Құтқарушылар қоқыс үйіндісінен оның денесін алып шықты. 

zakon.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар