Тоқаев Нұртілеу Иманғалиұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

/image/2021/02/17/crop-15_28_300x400_unnamed-23.jpg
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының өмірден өтуіне байланысты отбасы мен туысқандарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.
 
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев танымал журналист, қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
 
"Нұртілеу Иманғалиұлы телевизия саласында өзінің қолтаңбасын қалдырды. Ұзақ жылғы шығармашылық жолда жемісті еңбек етіп, халқымыздың рухани-мәдени байлығын дамытуға мол үлес қосты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын" деп жазылған жеделхатта.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар