Партияларға мемлекет есебінен көп әрі еш пайдасыз ақша жұмсалып жатқанын қазақстандықтарға көрсету үшін ерінбей, арнайы есептегіш-сайт жасатқыздым. Енді www.parasites.kz (паразиттер) арқылы әрбір партияға секунд сайын мемлекеттен қанша қаражат бөлініп жатқанын көруге болады, дейді Sanzhar Bokayev.
Бар-жоғы 1,5 айдың ішінде партияларға 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді. Оның ішінде, Нұр Отанға бюджеттен бір күнде 18 миллион теңгеге жуық ақша аударылады. Түсінікті болу үшін айта кетейін, бұл - күн сайын бір бөлмелі пәтер сатып алумен тең. Сіз бен біз төлейтін салықтардан Ақ жол ай сайын 84 миллион немесе күн сайын 2,8 миллион теңге алып отырады. Дәл осындай қаражат Халық партиясының да есепшотына түседі. Қандай бизнес осындай “кэшпен” мақтана алады? Ал ең бастысы, нәтиже қайда? Міне, сондықтан мен партиялардан айқындық пен тиімділікті талап етуге құқылымын! Біздің әрбіріміз оларға талапшыл болуымыз керек. Жыл соңында осы есептегіш шамамен 9 миллиард теңгені көрсетеді. Біздің еліміз мұндай қаражатты барлық қазақстандық әскерді тамақтандыруға жұмсайды.
Әскери қызметкерлерді тамақтандыру қажет! Олар елімізді қорғайды. Ал мұнша ақшаны саяси партиялар қайда жұмсайды? Саяси партиялар біз төлеген салықтардың есебінен қамтамасыз етілмеуі керек деп есептеймін. Олар мемлекетіміздің және қоғамымыздың өн бойындағы зиянкестер секілді. Жұмыс істесін, халықтың атынан сөз сөйлеуге өз құқықтарын дәлелдесін, мүшелік жарналардың есебінен өмір сүрсін. Бұл менің кері шегінбейтін, нық сенімді ұстанымым!
P.S. Нұр Отан партиясымен бөлісетін бір идеям бар. Егер Нұр Отан баспанасыз көп балалы және аз қамтылған азаматтардың пайдасына бюджеттік қаражаттан бас тартса, жылына 365 қазақстандық отбасыны және Парламенттегі 5 жыл ішінде 1825 отбасыны баспанамен қамтуға болады. Бұдан кейін партияның рейтингі 80%-дан төмен болмайтынына сенемін. Қалған партияларға ешқандай ұсынысым жоқ, оларды партия деп есептемеймін. Қалай саналатыны сол жерlе көрсетілген, дейді ол.
Айта кетсек, Санжар Боқаев бұған дейін Алматы әкімдігінің ішкі саясат басқармасында, жастар саясаты басқармасында бастық болған.
"Nur Otan" партиясының Алматы қалалық филиалында төраға орынбасары болған. Өзі Алматының тумасы, "саясаттану" саласында АҚШ-та, Мәскеуде білім алған.
Пікір қалдыру