Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова студенттер толығымен қашан дәстүрлі форматқа ауысатынын айтты.
– Дәстүрлі форматқа көшу туралы денсаулық сақтау министрлігі өз тарапынан тиісті шешімді қабылдайды. Ең бастысы бұл мәселе елдегі эпидемиялық жағдайға байланысты. Егер де тиісті органнан рұқсат болса қуана ЖОО-ның студенттері мен мұғалімдері дәстүрлі форматқа көшеді, – деп жауап берді комитет төрайымы.
Пікір қалдыру