Сидней Олимпиадасының чемпионы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ермахан Ибрайымов былтыр Нұр-Сұлтандағы үйден шыққан өрттен қайтыс болған 5 баланың өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.
– Шынын келгенде, Әрекет жасаған кезде, үйден шығар кезде, барлық қауіпсіздікті қарастырып кетуі керек еді. Ең болмаса көршіге тапсырып кет, бірақ бес баланы түнде қалдырып кету қажет. Бірақ 5 баланы түнде қалдырып кету дұрыс емес. Мәселен туған-туыс бар, әке-шеше бар, соларға тапсырып кет. Бір сөзбен айтқанда балаларды бұлай қалдыруға болмайды. Бес баланы сыртынан жауып кету деген – нағыз түк көрмегендік. Оларды сондай шараға не итермеледі?!
Олар ауылдарында болмаған кетіп қалған. Олар бұлай тастап кетпей қой бағып, оны семіртіп базарға сатулары керек еді. Қалаға келіп осындай жағдай болды. Шынына келгенде мен оларды "кінәлі" деп айта алмаймын. Дегенмен олар барлық шараны қарастыру қажет еді, – деді боксшы.
Боксшы өзінің ұлының Дубайда жүріп бассейнге батып кетіп қайтыс болғанын атап өтті.
Еске сала кетейік, 2019 жылдың 4 ақпанына қараған түні астанадағы Көктал-1 тұрғын алабында, жеке үйдің аумағында уақытша баспана өртеніп кеткен. Құтқарушылар 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес қыздың қайтыс болған мәлімдеген болатын.
Пікір қалдыру