Балалы босқынның аяғынан шалып құлатқан венгр журналисті қызметінен босатылды (Видео)

/uploads/thumbnail/20170708193638180_small.jpg

Жақында «N1TV»  Венрия мемлекеттік телеарнасының операторы Петр Ласло баласымен қашып бара жатқан босқынның аяғынан шалып құлатқан видеосын әлеуметтік желіге жариялағаны үшін қызметінен қуылған.  Бұл туралы телеарна басшылы «фейсбук» әлеуметтік желісінде хабарлаған.

«Біздің әріптесіміз бүгін өзін ғана емес, бізді де масқаралады.  Өзін лайықты көрсете алмады»,-дейді бас редактор Сабольш Кишбер.

Әлеуметтік желіге таралған видеодан көгілдір жейдедегі оператор  полициядан қашып бара жатқан босқынды баласымен қоса шалып құлатқаны анық көрсетілген.  Ал қолына кішкене баласын көтерген ер азамат «бала, бала»,-деп жанұшыра дауыстауда.

Ал әлеуметтік желіге таралып кеткен тағы бір видеода Ласло босқындарды теуіп жүргені анықталған.

Оқиға Венгрияның оңтүстігінде орналасқан Реске босқындар лагерінде болған.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар