Батыс Қазақстанда 11 жасар ұл бала асылып қалды. Бұл туралы облыстың департаменті хабарлады.
Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға Бәйтерек ауданына қарасты Дариян ауылында болған.
Өз үйінде 2009 жылғы ұл баланың асылып қалғаны белгілі болды. Қайғылы оқиғаға не себеп болғаны әзіргі белгісіз.
Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 105-бабы (өзін-өзі өлтіру) бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Пікір қалдыру