Мәжілістегі "Nur Otan" партиясы фракциясының депутаттары Айгүл Нұркина мен Вера Ким жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін пәтерлер құрылысын қаржыландыруды 2025 жылға дейін ұзарту бастамасын көтеріп премьер-министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады.
Депуттаттар тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2022 жылдан бастап жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін пәтерлер құрылысын жыл сайын қаржыландыру қарастырылмағанын атап өтті.
"Осыған байланысты, мемлекеттік бағдарламаға жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін пәтерлер құрылысын қаржыландыруды 2025 жылға дейін ұзарту бөлігінде өзгерістер енгізу қажет деп санаймыз. Осы депутаттық сауалға жауапты "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 27-ші бабына сәйкес жазбаша беруіңізді сұраймыз" делінген депутаттық сауалда.
2019-2020 жылдары жас мамандар мен жас отбасыларға 4 мыңға жуық пәтер берілсе, биыл Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тағы 3 мың пәтер үлестіріледі деп жоспарланған.
Пікір қалдыру