Жалақы мен шәкіртақы ұлғаяды, 800 мектеп салынады. Білім беру саласындағы жаңалықтар

/image/2021/03/11/crop-4_11_444x789_mektep-makala-1.jpg

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен үкімет отырысында білім беру саласын жетілдірудің жүйелі мәселелері қаралды, деп хабарлады primeminister.kz сайты.

Ақпараттық хабарламада 2024 жылға қарай педагогтардың жалақысы мен студенттердің шәкіртақысы 2 есеге ұлғаятыны, 800 жаңа мектеп салынып, 5000 ауыл мектебі жаңғыртылатыны айтылады.

"Колледждерде 9-сынып негізінде оқу толығымен тегін болады. Колледждерді бизнеске сенімді басқаруға беру тәжірибесі жалғасады. Университеттердің білім беру бағдарламалары кәсіптік стандарттар негізінде 100% жаңартылады. Отандық 20 жетекші ЖОО өңірлердің өсу нысанасына айналады. Назарбаев университетінің тәжірибесі бойынша инновациялар мен жаңа технологияларды дамытумен айналысатын екі озық ЖОО құрылатын болады. Жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін 2025 жылға дейінгі гранттар саны 50%-ға артады. Жыл сайын жас ғалымдарға 1000 грант бөлінеді, ал 500 қазақстандық ғалым әлемнің танымал ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өте алады.

Өңір әкімдіктеріне жеке балабақшалар желісін дамыту есебінен 2021 жылы 32 мың орынға дейін мектепке дейінгі білім беру орындарын ашуды қамтамасыз ету, 200 жаңа мектепті пайдалануға беру, сондай-ақ қалалық және ауылдық мектептердегі оқыту жағдайларын теңестіру, оның ішінде ауылдық жерлерде жоғары білікті педагогтарды бекіту бойынша нақты шаралар қабылдау тапсырылды" делінген үкімет отырысының барысынан әзірленген хабарламада.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар