Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын басталды

/uploads/thumbnail/20170708193728552_small.jpg

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын басталды. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасайды.

Осының алдында хабарлағанымыздай, мерекелік шараға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаев, Түркия  парламентінің төрағасы Исмет Йылмаз  қатысуда.

«Құрметті ханымдар мен мырзалар, мәртебелі меймандар!  Сөзімді бастамас бұрын, бүгінгі күні түркі тектес мемлекеттердің 5-ші саммиті өтетін күніменен біздің меркеміз дәл келгенін айтып өтейін. Сондықтан осы жиынға  қатысып отырған құрметті қонақтарымыз Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті құрметтейміз.  Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаев зор құрметпен қарсы аламыз. Ердоған мырза алдындағы шаруаларына байланысты маған телефон шалып, уәкілі ретінде Ұлы  Түрік жиылысының  төрағасы Исмет Йылмазды жіберді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

Ал алқалы жиында сөз алған жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әбіш Кекілбаев, «Бүгінгі той - ерекше  той. Қазақтың басынан жақсы да, жаман да өтті. Бұдан 550 жыл бұрын өз алдымызға дербес ел болдық. Содан бері қарай Еділ мен Алтайдың арасын, солтүстіктен Құмдыкөл, оңтүстікте Мырзашөлге дейінгі иен даланы жайлаймыз. Біздің осы дәуірге жеткеніміз де, жетпегеніміз де бар. Жер бетіндегі халықтың қай-қайсысының басында күй мұндай емес. «Біреуді көріп  шүкір ет, біреуді көріп пікір ет» деген. Құдайға шүкір қазақ халқының басында шүкіршілік ететін жағдай жеткілікті», - деді.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар