Жаңа қаулы. Қазақстанның 8 өңірінде карантин күшейтіледі

/image/2021/03/11/crop-111_6_715x954_b200c0346a6ec3d2.jpeg

Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы өңірлердің бас санитар дәрігерлері мәлімдеді.

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин шараларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қаулыға сәйкес:

  • форум, конферения, отбасылық, естелік іс-шараларды (банкет, уйлену той, мерейтой, дұға) және көп жиналатын өзге де ic-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады;
  • Наурыз және басқа да мерекелік іс-шаралар өткізілмейді;
  • мұз айдындарына баруға тыйым салынады;
  • балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым салынады.

Аталған қаулы 13 наурыздан бастап күшіне енеді.

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері С.С. Бейсенова коронавирус инфекциясын алдын алу үшін өз қаулысына жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Бас санитар дәрігердің қаулысында төмендегідей талаптар бар:

  • оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптарда 15-тен көп емес бала санымен қалалық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етіледі;
  • 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектепалды сыныптардың оқушылары үшін, 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен аралас форматта оқытылады;
  • оқу бітіруші сыныптар (9, 11 (12) сыныптар)үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70% - ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан (санитариялық-дезинфекциялық режимді, маскалық режимді күшейту, сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтаумен, 1 сынып - 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту);
  • жабық бассейндердің жұмысын сауналарды қатыстыра отырып, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, бір жолда бір келушіден қатаң түрде бір уақытта болуын қамтамасыз ете отырып, олар болмаған кезде бір адамға 5 шаршы метр су айнасын есептей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастырылады;
  • СПА-орталықтарының, СПА-салондардың, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттердің жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) бір мезгілде 3 келушіден аспайтын массаж салонына барумен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастырылады;
  • Компьютерлік клубтардың жұмысын, тек қана «Ashyq» пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін, келушілер арасында кемінде 1,5 метр қашықтықты қамтамасыз ете отырып немесе 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен, 50% - дан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгілей отырып рұқсат ету. Тек 18 және одан жоғары жастағы адамдарға рұқсат етіледі.

Ақмола облысының бас санитар дәрігері А. Мусина карантиндік жаңа шектеу шаралары 10 наурыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енетінін ескертті.

Қаулыға сәйкес:

  • мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, спорттық, білім беру іс-шараларды, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • банкет залдарының қызметіне тыйым салынады;
  • кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметі тоқтайды;
  • көрермендермен бірге спорттық іс-шараларды өткізге тыйым салынады;
  • қалааралық, микроавтобустардың жұмысына рұқсат беріледі;
  • мәдени және діни объектілердің қызметіне рұқсат беріледі.

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы бас санитар дәрігері Н.А. Беркимбаеваның қаулысы 9 наурыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енді.

"Хромтау ауданы тұрғындары арасында короновирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы" Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 ақпанындағы №ПГСВ-5 қаулысының күші жойылсын деп танылсын" делінген құжатта.

Қарағанды облысына қарасты Октябрь ауданының бас санитар дәрігері С. Ә. Қырғызалин карантин шараларына қатысты жаңа қаулысын жариялады.

Аталған құжатта Октябрь ауданы аумағында шектеу шараларын қатаңдату туралы бас санитар дәрігердің 19 ақпандағы №245 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

  • ойын-сауық мекемелері мен букмекерлік кеңселердің қызметі тоқтайды;
  • балаларды сауықтыру лагерлері, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының жұмысына тыйым салынады;
  • сыныпта балалар саны 15-тен аспай қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқуға рұқсат етіледі.

Маңғыстау облысының бас санитар дәрігері  Г. Надуев коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында 06 наурыздағы №3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

  • 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында контингенті 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқуына рұқсат етіледі;
  • 9 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-7 сыныпты қоса алғанда, сыныпта бала саны 25-ке дейін аралас форматта оқытуға рұқсат беріледі;
  • бітіруші сыныптар (9, 10, 11) аптаның 6 күні аралас форматта оқиды; (пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызы қашықта оқиды).

Павлодар облысының бас санитар дәрігері Б. Әлиев 11 наурызда карантин шаралары туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қаулы 15  наурыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Аталған құжатқа сәйкес:

  • 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқуына рұқсат етіледі;
  • жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-7 сыныпты қоса алғанда, сыныпта бала саны 25-ке дейін аралас форматта оқытуға рұқсат беріледі;
  • бітіруші сыныптар (9, 10, 11) аптаның 6 күні аралас форматта оқиды; (пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызы қашықта оқиды).

Солтүстік Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Ә. Жұматаев 2021 жылдың 1 ақпандағы №6 қаулысында:

Бас санитар дәрігер топтастырумен іс-шаралар өткізбестен, ата-аналары мен еріп жүретін тұлғаларды қабылдамай, мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне рұқсат берілетінін атап өтті.

2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында:

  • 300 оқушыға дейінгі контингенті бар қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытылады, балалар саны 15 адамнан аспай;
  • 2021 жылдың 1 наурызынан бастап жалпы білім беретін мектептерде
    мектеп алды сыныптарының оқушылары, 1-ден 5-ке дейінгі сыныптарды қоса алғанда, халықаралық мектептерде - 1-ден 7-ге дейінгі сыныптарды қоса алғанда, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан көп болмайтын жағдайда оқытылады;
  • бітіруші сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін сабақтары аптаның 6
    күніндегі аралас оқыту: 70% пәндер кәдімгі режимде, 30% - қашықтықта оқиды; (сыныпта 15 адамнан көп емес), "1 сынып-1 кабинет" қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және бетперде режимдерін сақтау);
  • білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша оқушыларды сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда жеке оқытылады.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар