“Ұшақ құлаған жерге бардым”. Сағынтаев ұшақ апатынан қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты

/image/2021/03/13/crop-8_301_1454x1939_359fb8a3-2cc8-4bb3-ac9f-cd4d024b3fe7.jpeg

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ұшақ апатынан қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын жеткізді.

Қала әкімі Twitter-аккаунтында жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

– АН-26 әскери ұшағы құлаған жерге бардым. Тиісті қызмет өкілдеріне болған оқиғаның салдарын жоюды тапсырдым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде, – деді Сағынтаев.

Бүгін ҰҚК Шекара әскерлеріне тиесілі АН-26 ұшағы Алматы қаласы әуежайының жанындағы Қызыл Ту кентінің маңына құлап, 4 адам қаза тапқан.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар