Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желіде тараған жыныс ауыстыру отасы тегін жасалады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан сайты.
Министрлік мамандары кепілдендірілген тегін медициналық көмектің тізіміне жыныс ауыстыру отасының кірмейтінін мәлімдеді
– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ешқандай қаулы шықпаған, – деді баспасөз қызметінің мамандары.
Ведомство кейінірек толық ақпарат таратпақ.
Бұған дейін әлеуметтік желіде бірқатар әншілер, блогерлер "Қазақстанда жыныс ауыстыру отасы тегін болады" деген ақпаратқа қарсылықтарын білдіріп, президент Тоқаевты мәселеге назар аударуды шақырған.
Пікір қалдыру