“Босаңсуға болмайды”. Президент Тоқаев мәлімдеме жасады

/image/2021/03/18/crop-148_116_3008x4011_ce33c885-4dcc-4e51-ac58-3b9f73cd5cf2.jpeg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Президент 2020 жылдың қорытындысы бойынша Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң қарқын барын, бірақ ахуал құбылмалы сипатқа ие екенін, "босаңсуға болмайтынын" айтты.

Сонымен қатар мемлекет басшысы қаланы одан әрі дамыту үшін өсімнің жаңа бастаулары қажет екенін атап өтті. Мұндай бағыттардың бірі жаңаша түрленген экономика.

– Бұл мәселеде инноваторлар, жастар мен бизнес арасындағы тиімді қарым-қатынас маңызды рөл атқарады. Мұны дамыған елдердің тәжірибесінен көруге болады. Бұл жерде "велосипед ойлап табудың"  қажеті жоқ. Краудфандинг, білім беру хабтары, бизнес-көмекшілермен арадағы арнайы инвестициялық кезеңдер сияқты технологиялар шетелде өздерін жақсы қырынан көрсетті. Жалпы әкімдіктерде жаңаша түрленген экономиканы дамыту жөнінде түсінік пен өзіндік көзқарас бар. 

Алматы қаласының тәжірибесін өзге өңірлерде қолдану қажет. Біздің жеріміз таланттарға бай. Жас орындаушылар, шығармашылық өкілдері аймақтық қана емес, әлемдік деңгейде де мойындалып жатыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жиында президент ел тәуелсіздігінің 30 жыл ішіндегі табыстары Алматы қаласымен тығыз байланысты екенін атап өтті.

– Тәуелсіздігіміз Алматыда жарияланды. Сондықтан бұл шаhардың тарихи рөлі айрықша. Қазір Алматы – экономикамыздың басты қозғаушы күші. Сонымен бірге мұнда бизнес саласы жақсы дамыған, – деді президент. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар